Америкада екінші рет шошқаның жүрегін адамға салды
АҚШ-тың Мэриленд университетінде екінші рет генетикалық түрлендірілген шошқа жүрегін адамға салды.
Отадан кейін 58 жастағы Лоуренс Фосетт арнайы құрылғысыз өздігінен демала алған.
DW басылымының мәліметінше, бұған дейінгі жүрек қан-тамыры ауруының кесірінен дәрігерлер адамның жүрегін салуға болмайды деген шешім шығарған.
«Соңғы үміт шошқаның жүрегінде еді. Ал қазір өмір сүруге мүмкіндігім бар», – деді ол ота алдында.
Жүрегін ауыстырған соң, науқас арнайы препараттар мен дәрілер ішуі керек.
Бұған дейін осындай ота 2022 жылы жасалған еді. 57 жастағы Дэвид Беннет отадан кейін 2 ай өткен соң көз жұмған.