Спорт

Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан нешінші орында тұр

Ашық дереккөз

Бүгін ел қоржынына екі медаль түсті.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына екі жүлде түсті, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Біріншісі, дзюдодан Абиба Абужақынова (48 келі) – күміс, ал екіншісі Мағжан Шамшадин (60 келі) – қола.

Көш басында 29 медальмен (19 алтын, 7 күміс, 3 қола) Қытай тұр. 

Одан кейін 14 медальмен (5 алтын, 4 күміс, 5 қола) Оңтүстік Корея келе жатыр. 

Үшінші орында 13 медальмен (2 алтын, 6 күміс, 5 қола) Жапония құрамасы тұр. Қазақстан құрамасы 2 медальмен (1 күміс, 1 қола) оныншы орынға жайғасты.