Қоғам

Кентаулық мұғалімдер екі ай бойы жалақысыз жұмыс істеген

Ұстаздар қауымы Оқу-ағарту министрлігіне, прокуратураға және облысқа жүгінген.

Кентауда мұғалімдер 2 ай бойы жалақысыз жұмыс істеп келген. Оның себебі айтылмаған. Тек таяуда кінәрат облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасынан болғаны анықталды, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Педагогтер Түркістан облысындағы барлық мұғалім осындай проблемаға тап болғанын айтады. Ұстаздар қауымы Оқу-ағарту министрлігіне, прокуратураға және облысқа жүгінген, бірақ одан нәтиже болмапты. Күні кеше облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының өз атауын білім департаментіне ауыстырып жатқаны белгілі болды. Осыған байланысты көптеген құжат пен мөрлерді өзгертуге тура келген. Осыдан кейін ғана қазынашылық мұғалімдердің шоттарына ақша аудару үшін код бере алды екен.