Қарқаралыда саңырауқұлақ теруге кеткен зейнеткер өлі табылды
72 жастағы зейнеткер 20 қыркүйекте орманға кеткен.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында орманға саңырауқұлақ теруге кеткен әйел өлі табылды, деп хабарлады turkystan.kz «Вечерняя Караганда» газетіне сілтеме жасап.
72 жастағы зейнеткер 20 қыркүйекте орманға кеткен. Осы уақытқа дейін одан ешбір хабар болмаған.
Полиция мен арнайы құтқарушылар, ауыл тұрғындары мен туыстары зейнеткерді таба алмаған.