Жаңалықтар

«Ренішім бар»: Әбиба Әбужақынова жүлде алғаннан кейінгі көңіл күйін бөлісті

Фото: mail.kz

Спортшы бүгінгі белдесуден кейін журналистердің «Жапон қызының атақ-дәрежесінен қаймыққан жоқсыз ба?» деп сұрағына «жоқ» деп жауап берді.

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Азия ойындарында өнер көрсеткеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Отандасымыз финалға дейін жетіп, ақтық сында әлемнің үш дүркін чемпионы, даңқты жапон балуаны Натцуми Цунодаға есе жіберген болатын. Сөйтіп, күміс жүлдегер атанды.

Спортшы бүгінгі белдесуден кейін журналистердің «Жапон қызының атақ-дәрежесінен қаймыққан жоқсыз ба?» деп сұрағына «жоқ» деп жауап берді.

«Бұл белдесуге дайын келдім. Себебі менде жеткілікті уақыт болды. Бүгін маған ата-анам, әпкелерім, туыстарым жанкүйер болып отыр. Қазақстан қоржынына әрдайым медаль салуға барымды саламын», - дейді дзюдошы.

Финалдан кейінгі көңіл күйімен бөліскен спортшы өзіне реніші бар екенін жасырмады.

«Өзіме ренішім бар іштей, себебі алтын медаль бізде ешкім алмаған. Алтын медальді алғым келген», - деді Әбиба Әбужақынова.

Спортшы ел қоржынына салған күміс медальді тарихи жүлде деп айтуға болады. Өйткені дзюдодан күміс медаль ел қоржынына сонау 1997 жылы ғана бұйырған болатын.