Экономика

Көкшетауда қала әкімдігі 169 млн теңгенің гаражына тапсырыс берген

Компания 12 көлікке арналған модульды гараж сатып алмақ болған.

Көкшетауда қаланы сумен қамтамасыз ететін "Көкшетау Су Арнасы" коммуналдық кәсіпорны 169 миллион теңгеге гараж сатып алмақ болған, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мәлім етті. Компания 12 көлікке арналған модульды гараж сатып алмақ болған. Мемлекеттік сатып алу порталына гараж бағасын 169 миллион теңгеге бағалапты. "Сатып алудың бірыңғай терезесі" жүйесі арқылы мониторинг жүргізген департамент өрескел заңбұзушылықты анықтаған.

Өңірде жыл басынан бері ғана облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен 1 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысы үнемделген.