Экономика

Алматыда бухгалтерлер мен мұғалімдер 600 млн теңгені алаяқтық жолмен иемденген

zakon.kz

Бухгалтерлердің мұғалімдермен алдын ала сөз байласу арқылы жалақыны көбейту бойынша 4 факті анықталды.

Алматы облысының Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері 609 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген күдіктілерді анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Алаяқтық әрекеттерге Алматы облысындағы есепшілер мен мектеп мұғалімдері қатысқан. Олар көз жұмған 13 адамның атына қаражат аудару арқылы 609 миллион теңге алған. Әрбір факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Бухгалтерлердің мұғалімдермен алдын ала сөз байласу арқылы жалақыны көбейту бойынша 4 факті анықталды. Мұндай заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 81 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі күні бір факті бойынша есепші мен 4 мұғалім 3 жылдан 6 жылға дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Келтірілген 62 миллион теңге залал толығымен өтелд», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының басшысы Серік Орымбетов.

Сондай-ақ тағы бір қызметкерге қатысты үкім шығарылды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылып, 81 миллион теңге көлеміндегі шығынды өтеген.

Қалған істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.