Жаңалықтар

Сhoco қосымшасында Қырым Ресейдікі деп көрсетілген

Ашық дереккөз

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.

Choco қосымшасында Қырымда өндірілген Villa Krim Muscat Riviera шарабы сервисте Ресейдікі деп көрсетілген, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Choco қатесін мойындап, оның саясатқа қатысы жоқ деп сендірді.

«Бұл жағдайда өндіруші елдің көрсеткіші холдингтің және жеке тұлғалардың қандай да бір саяси ұстанымына байланысты емес. Иә, шынында да, затбелгі бойынша өндіруші ел – Украина. Олар мазмұн жағынан қателесті”, – делінген жауапта.

1954 жылы Кеңес басшылығының шешімімен Қырым Украина КСР-іне берілді, КСРО ыдырағаннан кейін (1991) Қырым Автономиялық Республикасы тәуелсіз Украинаның құрамына енді. 2014 жылы наурызда Қырымды Украина мен БҰҰ-ға мүше елдердің көпшілігі мойындамайтын Ресей аннексиялады.

Қазан айында танымал қазақстандық кәсіпкер, Choco холдингінің негізін қалаушы Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты мәлімдемесі үшін халықтың наразылығы туды. Атап айтқанда, елге келген ресейліктермен кездесуінде Мухоряпов орыс тілінде сұрақ қойып, қазақша жауап алса, мұны «аздап ұлтшылдық» деп санайтынын айтты. Бұл үшін кәсіпкер жерлестерінің наразылығын тудырып, кешірім сұрауды талап етті. Содан кейін оның холдингінің барлық веб-парақшаларында қазақ тілінде мазмұн жоқ екені белгілі болды және Choco өнімдерін түбегейлі пайдаланбау туралы бастамалар көтеріле бастады. Бірақ соңында полиция Мухоряповтың сөздеріне лингвистикалық сараптама жасап, өзі қазақ халқынан кешірім сұрады.