Маңғыстаудағы кен орнында өрт сөндіру жұмыстары 3,5 ай бойы жалғасып жатыр
«Қаратұрын Южный» кен орны Ақтаудан 277, аудан орталығы Шетпеден 135 км қашықтықта орналасқан.
Маңғыстаудағы Қаратұрын кен орнында өрт сөндіру жұмыстары 3,5 ай бойы жалғасып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz "Тіл кеспек жоқ" telegram арнасына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 9 маусымда бұрғылау құралын көтеру кезінде басталған. Содан бері әлі сөндірілмеді.
Қазіргі уақытта ол жерде ашық газ фонтаны пайда болған. Соған байланысты өртенген аумаққа жақындап, арнайы өрт сөндіру құралдарын пайдалану оңай болмай тұр.