Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушы үйіне өзі оралды
Ақтөбе қаласында кеше кешкілік үйінен шығып кеткен оқушы қыз бүгін түстен кейін ғана оралды.
Ақтөбе қаласында жоғалған оқушы үйіне өзі оралды. Полицияға анасымен ұрысып қалған соң кетіп қалғанын айтқан, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Оқушының үйіне оралғаны рас. Қайда болғанын сұрағанда құрбысының үйіне қонып шыққанын айтты. Анасымен ұрысып қалған соң осы әрекетке бардым деп отыр. Қазір түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Қыз ата-анасымен бірге тұрады. Осы оқиғадан соң отбасы есепке алынады", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі Ерболат Сарқұлов.
Еске салсақ, бүгін еріктілер мен мұғалімдер, полиция Болашақ шағын ауданындағы үйінен шығып, хабарсыз кеткен оқушыны іздеді. Оның қолында ұялы телефоны болған. Алғашқы кезде сөндірулі тұрғанымен, бүгін қосып, өзінің оралатынын айтқан. Ол - 7 сыныптың оқушысы.