Қоғам

Қостанай тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

Ашық дереккөз

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қостанай облысының Бейімбет Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды», - деп жазылған хабарламада.

Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын әлеуметтік желілерде жариялаған.

2023 жылдың 20 қыркүйегінде үкім заңды күшіне енді.