Арман Қайназаровты өлтірген адам ұсталды
Күдікті 8 жылға қамалуы мүмкін.
Әнші әрі композитор Арман Қайназаров кафе алдында алған соққыдан 15 күн бойы есін жимай жан тапсырды. Оқиға Алматы қаласына қарасты Алатау ауданы, Шаңырақ ықшамауданында болған, деп жазады turkystan.kz kyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы полициясы хит әндердің авторын ұрған жігітті бірден ұстаған. Қазір ол тергеу абақтысында. Алдын ала болжам бойынша адам денсаулығына қасақана қастандық жасап, салдары өлімге әкелген жағдай үшін күдікті 8 жылға қамалуы мүмкін.
Естеріңізде болса, осы жазда ғана Арман Қайназаровтың ішімдікке салынып, үйіне бармай жүргені айтылған еді. Хит әндердің авторына мейірімділік танытып, шығармашылық ортаға қайта қосқысы келгендер де болды. Бірақ сазгер ешкімнің ұсынысын қабыл алмаған сияқты.