Жаңалықтар

Оң қырынан жатып смартфон қарауды әдет қылған әйелдің бір көзі көрмей қалған

mustsharenews.com

Дәрігер пациенттің ұялы телефонды қараңғыда бір қырынан жатып пайдалануы оның көру қабілетін нашарлатуы мүмкін екенін айтқан.

Қытайдың Чжанцзяцзе қаласының тұрғыны ұялы телефон экранына тым ұзақ қарағаннан оң көзі көрмей қалған, деп хабарлайды turkystan.kz MS News-ке сілтеме жасап.

24 жастағы Сяо Шен ұзақ уақыт оң қырымен жатып, смартфон қараған. Біраз уақыттан кейін көру қабілеті онсыз да нашар әйел бір көзінің мүлде көрмей қалғанын аңғарған. Диагноз көрсеткендей, әйелдің көзі қатты зақымданып, теңбілденіп кеткен. Бұл жағдай миопиясы бар адамдарда дамиды екен. 

Дәрігер пациенттің ұялы телефонды қараңғыда бір қырынан жатып пайдалануы оның көру қабілетін нашарлатуы мүмкін екенін айтқан.