Спорт

Азия ойындары: боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары анықталды

Ашық дереккөз

Бүгін Ханчжоуда 19-шы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді.

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы XIX жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Азия ойындарында ел құрамасынан Сәкен Бибосынов, Махмуд Сабырхан, Ертуған Зейнуллинов, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай және Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары төмендегіше:

51 келі. 1/16 финал. Сәкен Бибосынов - Орхонту Оноблд (Моңғолия); 57 келі. 1/16 финал. Махмуд Сабырхан - Ичен Ли (Оңтүстік Корея); 63,5 келі 1/16 финал. Ертуған Зейнуллинов - Обада Алкасбех (Иордания); 71 келі. 1/8 финал. Асланбек Шымбергенов - Сан Ли (Оңтүстік Корея) / Пел Ван (Қытай); 80 келі. 1/8 финал. Нұрбек Оралбай - Тоқтарбек Таңатхан (Қытай); 92 келі. 1/8 финал. Сағындық Тоғамбай - Бариахаан Дорж (Моңғолия); 92 келіден жоғары. 1/4 финал. Қамшыбек Қоңқабаев - Данис Латыпов (Бахрейн) / Мохаммед Млайес (Сирия).