Спорт

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

Ашық дереккөз

Қарсыластар желтоқсанның 16-сы күні жұдырықтасады.

28 жастағы қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 40 жастағы америкалық Стивен Томпсонға қарсы өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап.

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі қарсыластар желтоқсанның 16-сы күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін UFC 296 турнирінде кездеседі.

"Маған UFC-ден ұсыныс түсті, келістім. Рахмонов, биылғы жылды әдемі аяқтайық! 16 желтоқсанды асыға күтемін", - деп жазды Томпсон Twitter парақшасында.

“Дәл солай жасайық", - деп жауап берді Рахмонов.