Жаңалықтар

Елімізде 2037 жылдан бастап білім гранты тоқтатыла ма? – министр жауабы

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде 2037 жылдан бастап елімізде білім гранттары тоқтатылатыны жайлы ақпарат тарады.

Әлеуметтік желіде 2037 жылдан бастап елімізде білім гранттары тоқтатылатыны жайлы ақпарат тарады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осыған қатысты түсінік берді, деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл – қате ақпарат. Гранттарды бөлу 2037 жылдан бастап тоқтатылмайды. Бірақ грант саны азаюы мүмкін. Біз жоғары білім алу құқығын сақтаймыз, бұл тұрғыда ешқандай өзгеріс болмайды. Бірақ гранттар саны өзгеруі немесе азаюы мүмкін», - деді Саясат Нұрбек.

Ол келесі жылдан бастап «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесіне көшу қажеттігін атап өтті.

«Бұл әрбір ата-анаға 5 жастан бастап баласына біртіндеп ақша жинауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің мемлекет сақтандыру және жинақтаушы компаниялар арқылы төлемдер жасайды. Бұл жоғары білімге қол жетімділікті сақтаудың жоспарлы шарасы. Өйткені, ақша біртіндеп, 15-20 жыл ішінде жиналады. Бала 17-18 жасқа толғанда шамамен 12,5 млн теңге жиналады. Қазір біз барлық есептеулермен жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, бала жоғары оқу орнына түскен кезде отбасында кепілдендірілген жинақ болады. Сондықтан бұл бір мезетте орын алатын жайт емес. Ақша 15-20 жыл ішінде жиналған кезде. Гранттар саны да азаюы мүмкін. Бірақ грантқа мемлекеттік тапсырыс сақталады. Бұл біздің мемлекетіміздің негізгі қызметі», – деп сөзін түйіндеді министр.