Жаңалықтар

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Фото: polisia.kz

Оқиға 22 қыркүйекте болған.

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 22 қыркүйекте болған. Орал-Кирсанов тас жолында «ВАЗ-2112» және «Лада Гранта» автокөліктері соқтығысты.

Жол апаты салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және «Лада Грантадағы» екі жолаушы оқиға орнында мерт болды. Сонымен қатар «Лада Грантадағы» тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

«Жол апатының себебі анықталып. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345–бабы 4-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді БҚО ПД баспасөз қызметінен.