Жаңалықтар

Төреғали Төреәліге қатысты сот үкімі шықты

Фото: ticketon.kz

Сот үкімі бойынша оған бұлтартпау шарасы таңдалып, 40 сағат қоғамдық жұмыстар атқаруға міндеттелді.

Алматыда билік өкілдерін қорлау фактісі бойынша айыпталған әнші Төреғали Төреәліге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Оған Қылмыстық кодекстің 378-бабы бойынша «Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлады» деген айып тағылды. Ал Төреғалиды ұстамақ болған 6 полиция қызметкері жәбірленуші деп танылды.

«Сотталушы Әлиханов (Төреғали Төреәлі - ред.) Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын, оған 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ, одан жәбірленушілер пайдасына 17 мың теңге және сот шығындарына 19 мың теңге өндірілсін», - деді судья. 

Сот үкімі бойынша оған бұлтартпау шарасы таңдалып, 40 сағат қоғамдық жұмыстар атқаруға міндеттелді.

«Сот қаулысымен ол (Төреғали Төреәлі – ред) 40 сағат қоғамдық жұмыстар атқаруға міндеттелді», - деп хабарлайды Алматы қаласының соты Facebook-тегі ресми парақшасында.