Ақтауда мысық өлтірген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Күдікті анықталды, қазір тергеу жүріп жатыр.
Ақтауда мысық өлтірген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
19 қыркүйекте Ақтау қалалық полиция бөліміне қала тұрғын арызданған.Тұрғынның сөзінше, 18 қыркүйек күні кешке 9-шағынаудандағы бір үйдің жанында ер адам мысықты ұрып өлтірген. Кейін оқиға орнынан бой тасалаған.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 316-бабының 2-бөлігі (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша тіркелген. Күдікті анықталды, қазір тергеу жүріп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.