Жаңалықтар

Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған

optimism.kz

Қазір әйелдің жағдайы ауыр

Қырғызстанда Шу облысы Селекционный ауылында ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған. Ал бір жыл бұрын ол жәбірленушіні ұрып-соғып, зорлағаны үшін ұсталған. Бұл туралы әлеуметтік желіде жәбірленушінің әпкесі жариялады, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға бұл оқиға туралы шақырту 20 қыркүйекте түскен. 36 жастағы әйел ауруханаға пышақ жарақатымен келген. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 130-бабы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған.

Осы істі жасаған деген күдікпен  39 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Күйеуі құлағы мен мұрнын кесіп тастаған әйелге Түркияда тағы бірнеше ота қажет. Оны зардап шеккен әйелдің әпкесі мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір жәбірленушінің жағдайы ауыр.

«Әселдің бүкіл беті таңылған, тек мұрны мен аузы ашық. Оған Түркияда тағы бірнеше операция жасалады. Кеше дәрігерлер оның құлағы мен мұрнын жартылай тігіп берді. Әпкемнің бүкіл беті кесілген. Жақында Әселге көмекке шот ашамыз» деп жазды әпкесі.

Ол әйелдің әкесі жоқ екенін, тек анасы мен ағасы барын жеткізді.