Жаңалықтар

«Қызбен жүруге рұқсат етпейді»: Шымкентте жоғалып кеткен 6 бала табылды

otyrar.kz

Олардың барлығы - 15 және 16 жастағы жасөспірімдер.

Шымкентте жоғалып кеткен 6 бала табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Олардың барлығы - 15 және 16 жастағы жасөспірімдер.

Тәртіп сақшылары екі ұл мен төрт қызды тауып, аман-есен үйіне жеткізді. Мектеп оқушыларының бірі жай көшеде жүрсе, енді бірі жолдастарының үйінде қонақта болған.

«Жеткіншектердің мұндай мінез-құлық көрсетуіне үлкендердің бақылауынан құтылып, қалаған нәрсесін істеуге ұмтылуы себеп болғаны анықталды. Мәселен, жігіттердің бірі ғашық болғанын, бірақ анасы оған қызбен кездесуге тыйым салғанын жеткізді. Тағы бір бойжеткен бұл әрекетін ата-анасынан бөлек тұрғысы келетінімен түсіндірсе, енді бірі достарына кешке дейін сыртта жүруге рұқсат етілгенімен, оған рұқсат жоқ деп шағымданды», – делінген Otyrar.kz сайтының хабарламасында.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізді.