Жаңалықтар

70-тен аса бала уланып, ауруханаға түсті

ашық дереккөз

Олардың неден уланғаны туралы ресми ақпарат түскен жоқ

Өзбекстанда 70-тен аса бала уланып, ауруханаға түсті. Олар Наманган облысындағы 9 балабақшаның бүлдіршіндері мен екі мектептің оқушылары, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстан» телеарнасының мәліметінше, науқастардың дене қызуы көтеріліп, іші өткен. Әзірге олардың неден уланғаны туралы ресми ақпарат түскен жоқ.

Дегенмен, ата-аналардың пікірінше, мәселе йод препаратынан болуы мүмкін. Елде бір аптадан бері балаларға йод беру бағдарламасы жүргізіліп жатыр. Яғни, аптаның әр сәрсенбі күндері балаларға бұл препараттың профилактикалық дозасы беріледі. Елдегі денсаулық саласына жауапты ведомство осы оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Мәселені денсаулық сақтау министрі жіті бақылауға алған.