Жаңалықтар

114 миллион теңге: «Барыс» сапына қосылған чехиялық ойыншының қанша жалақы алатыны белгілі болды

ХК «Адмирал»

Чехиялық клуб сапында маусым соңына дейін ойнайды.

Жуырда «Барыс» хоккей клубының қатарын толықтырған чехиялық ойыншының қанша жалақы алатыны белгілі болды.

«Спорт Экспресс» басылымының хабарлауынша, «Барыс» сапына қосылған чехиялық Рудольф Червени жылдық жалақысы – 23 млн рубль (114 миллион теңге).

34 жастағы ойыншы бұған дейін ресейлік «Адмирал» клубында ойнаған. Ол астаналық клуб құрамында осы маусымның соңына дейін ойнайды.