Жаңалықтар

Алматыдан 368 шақырымда жер сілкінді

ашық дереккөз

Жер сілкінісінің энергетикалық магнитудасы MPV 4,6.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 21 қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 16:55-те жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 338 км жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10,3. Магнитудасы MPV 4,6. Эпицентр координаттары 40.19° с.е. 77.53° ш.б. Тереңдігі - 20 км. Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) түскен жоқ, - делінген хабарламада.