Жаңалықтар

Әуежай қызметкері жолаушыдан ұрлаған ақшаны жұтып қойған

Фото: stern.de

Ақшаны жұтып қойып, артынан су ішкен.

Манила (Филиппин) әуежайының қызметкері жолаушының ақшасын ұрлап, ізінше жұтып қойған, деп хабарлады turkystan.kz Мир24-ке сілтеме жасап.

Ел астанасы Маниланың әуежайында Қытайдан келген турист 300 доллар көлеміндегі ақшасын әуежайдың қызметкері жұтып қойғанын хабарлап, шағымданған.

Кейін бейнебақылау камерасынан белгілі болғандай, әуежайдың қауіпсіздік қызметіне жауапты әйел маман тексеріс кезінде шынымен туристің әмиянынан ақшасын ұрлап алған. Мұны байқаған қытайлық турист бұрылып, қызметкерге қараған кезде ол ақшаны жұтып, артынан су ішкен. Әйел қызметкердің суды асығып ішкені сонша, қақалып қала жаздаған.

Әуежай басшылығы қызметкерді жұмыстан шығару туралы үкім шығарған. Ал Филиппин елінің Көлік министрі оған қатаң жаза қолдануды талап еткен.