Жаңалықтар

Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге айыппұл салынды

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 483 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының басшысы Шамұрайт Шәменов мәлімдеді.

Басқарма басшысының мәліметінше, лауазымды тұлға қолданыстағы шектеулер туралы біле тұра кәсіпкерлік қызметті ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 154-бабының талаптарын бұза отырып жүзеге асырған. Бұл үшін әкім орынбасарына 483 мың теңге айыппұл салынды.