Жаңалықтар

600-ге жуық қазақстандықтан коронавирус анықталды

Жыл басынан бері 8 айдың ішінде коронавируспен ауру деңгейі 8,9 есеге төмендеді.

Бұл туралы ҚР ДСМ Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова елордада өтіп жатқан респираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмауды алдын алудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференцияда айтты.

Сонымен қатар ол коронавирусқа қатысты эпидахуалдың жеңілдегеніне қарамастан зерттеу шаралары тоқтаған жоқ деп отыр.