Төреғали Төреәліні қандай жаза күтіп тұр?
Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс ҚК 378-бабы 1-бөлігі бойынша қаралып жатыр.
Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында отандық әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
«Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәлі) мемлекеттік қызметкерді қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау (ҚК 378-бабы 1-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр», - делінген сот хабарламасында.
ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі бойынша билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау – 80 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не болмаса 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қарастырылған.