Қазақстан мұсылман елдерінің қорғаушысына айналғанын әлем айтып жатыр – Мақсат Толықбай
Депутат өзге елдер ашық айта алмай жүрген мәселені Президент БҰҰ-ның мінберінде көтергенін айтты.
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның мінберінде Құранға байланысты айтқан сөзін шетелдік ақпарат құралдары (әсіресе, мұсылман елдеріндегі) қызу талқылап жатқанына тоқталып, өзге елдер ашық айта алмай жүрген мәселені Президент БҰҰ-ның мінберінде көтергенін айтты.
Ол бұл туралы Facebook-тегі жеке парақшасында хабарлады.