Композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды
Комаға түсіп, 19 қыркүйекте қайтыс болғаны хабарланды.
Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек Алатау аудандық Полиция басқармасына тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Аталған қылмысты жасады деген күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында композитордың 4 қыркүйекте «Шаңырақ» шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп, сол күні жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тараған болатын.
Кейін оның комаға түсіп, 19 қыркүйекте қайтыс болғаны хабарланды.