22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Ертең еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады
«Қазгидромет» РМК 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады.
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.
«Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +18+20 градус болады. Алматыда күн бұлтты, арасында қатты жаңбар жаууы ықтимал. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +12+14 градус жылы болады», – делінген хабарламада.