Жаңалықтар

Пәтерді жалға алып, жалға берген: Алматы облысында ағайынды жігіттер ұсталды

24.kz

Ағайынды жігіттер бірнеше айдың төлемін төлеуді талап еткен.

Алматы облысында екі жасөспірім жалға алған пәтерлерін қайта жалға берген, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 20 және 17 жастағы азаматтар болжам бойынша тамыз айынан бері алаяқтықпен айналысқан.

«Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, жастар ғаламтор арқылы өздерінде жоқ пәтерлерді күнделікті жалға беру туралы хабарландырулар таратқан. Олар алдын ала төлемді алған соң, ұялы телефондарын өшіріп тастаған. Әрі қарай, ағайындылар өздері бір күнге жалға алған пәтерлерді ұзақ уақытқа жалға беруге кіріскен. Кейде бірнеше айдың төлемін төлеуді талап еткен. Алданған азаматтар полицияға көмек сұрап жүгінген. Күдіктілер ұсталды», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Қазір осыған ұқсас алты қылмыстық іс анықталды. Күдіктілердің басқа да алдау әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.