Шымкентте экстремизмді насихаттаған тұрғын сотталды

21 қыркүйек, 2023 / Меруерт Сағымхан
freepik.com
Ол әлеуметтік желіде экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болып, жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді», – делінген хабарламада.

17 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Шымкент Сот экстремизм