Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда 47 жастағы қазақстандық қаза тапты

qazaqtimes.com

Полицияның мәліметінше, қайғылы жағдай 21 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25 шамасында болған.

Оңтүстік Кореяның жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары тұрғын үй кешенінің 18-қабатынан құлап кеткен қазақстандықтың қайтыс болғанын хабарлады, деп мәлімдеді turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, қайғылы жағдай Гимхэ қаласында 21 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25 шамасында болған. Қазақстан азаматы сырлау жұмыстары жүргізілгелі жатқан тұрғын үйдің төбесіне қорғаныс тіректерін орнату кезінде 18-қабаттан құлап кетті деп жазды Nocut News.

Құлап кеткен қазақстандық азамат бірден ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Ол заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін екені айтылып жатыр, сондықтан жұмыс беруші жазаға тартылмайды. Еңбек министрлігі еңбек қауіпсіздігінің бұзылған-бұзылмағанын анықтап,  полиция жұмыс орнында кісі өлтіру фактісі болған-болмағанын тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.