Жаңалықтар

Павлодардың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

фото: gov.kz

Ержан Иманзаипов облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.

Ержан Иманзаипов облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 2023 жылғы тамызда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қарамағындағы қызметкерлердің дұрыс жұмыс істемегені үшін қала әкімі қызметінен босатылған болатын.

Тиісті ақпарат департаменттің ресми сайтында жарияланды.

Ержан Иманзаипов 1984 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2006 жылы Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін өнеркәсіптік жылу энергетикасы инженері мамандығы бойынша бітірген; 2010 жылы – Алматы экономика және статистика академиясы, қаржы мамандығы.

Сондай-ақ, ол Индустрия және сауда министрлігінде, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде қызмет атқарды, Екібастұз қаласының әкімі болды. Ержан Иманзаипов қоластындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны, қала тұрғындары үшін маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауына байланысты Павлодар қаласының әкімі қызметінен биылғы тамызда босатылған болатын.