Жаңалықтар

Әлем чемпионы атанған балуанға қатысты тың дерек жарияланды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан үшін тарихи жүлдені жеңіп алған спортшымыздың өмірінен қызықты дерек белгілі болды.

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Қазақстан үшін тарихи жүлдені жеңіп алған спортшымыздың өмірінен қызықты дерек белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, 19 жастағы Ризабек Қазақстан ұлттық гвардиясында сарбаз екен. 

«Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы алматылық 5571 бөлімінің сарбазы, қатардағы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. 

Қатардағы Ризабек Айтмұхан Солтүстік Қазақстан облысы, Уалихан ауданындағы Кішкенекөл ауылының тумасы. Әскери борышын өтеуге биыл жазда Алматыдағы ұлттық гвардия сапына шақырылды», – деп хабарлады ІІМ.