«Ұл болса деп қоямын»: Алтынай Жорабаева жүкті екенін айтты
Өнер иесі жаңалығымен әлеуметтік желіде бөлісті.
Әнші Алтынай Жорабаева бесінші сәбиіне жүкті екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі жаңалығымен әлеуметтік желіде бөлісіп, бұл қуанышты 3 жыл бойы күткенін жеткізді.
«Пендешілікпен ұл болса деп қоямын, ал Әлішер «ұл бола ма, қыз бола ма, сендей жаннан перзент сүйсем бақыттымын» дейді» деп жазды Алтынай Жорабаева.
Желі оқырмандары бұл жаңалыққа қуанышты екенін айтып, жылы лебізін білдірген.
Айта кетейік, танымал әнші – қазір төрт қыздың анасы.