Астанада күзетші 20-қабаттан құлағалы тұрған 10 жастағы қызды құтқарды (ВИДЕО)

20 қыркүйек, 2023 / Эльмира Ағабек
Фото: видеодан кадр
Бейнежазбаны түсірген куәгердің сөзінше, 20-қабаттың терезесінде кішкентай қыз ілініп тұрған.

Әлеуметтік желіде Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 20-қабатынан құлайын деп тұрған 10 жастағы қыз баланың видеосы пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оны күзет қызметкері құтқарып қалғаны белгілі болды. Оқиғаның видеосын astana_brothers Instagram парақшасы жариялады. Бейнежазбаны түсірген куәгердің сөзінше, 20-қабаттың терезесінде кішкентай қыз ілініп тұрған. Жазбада оқиға бүгін сағат 16:00 шамасында болғаны айтылған.

Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсінік бермеді.  

 

Тэгтер:

Астана күзетші қыз құтқарды