Жаңалықтар

Алматыда некелесу рәсімін жасанды интеллект өткізді (ВИДЕО)

Ерлі-зайыпты үйлену тойдан қызық сәттерді Instagram-парақшасында бөлісті.

Алматыда ерлі-зайыпты Айбол Қабылбаев пен Алина Курбанова ерекше той жасады. Олардың некелесу рәсімін жасанды интеллект өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ерлі-зайыпты үйлену тойдан қызық сәттерді Instagram-парақшасында бөлісті. Олардың айтуынша, бұл - жасанды интеллект өткізген әлемдегі алғашқы неке қию рәсімі, деп жазды Massaget.kz.

«Біз маркетологтар ретінде тойымызға ерекше нәрсе ойлап тапқымыз келді, нейрожелі мүмкіндіктерін қолданбанып көрмеу біз үшін әбестік болар еді. Сондықтан әлемде алғаш рет (біз тексердік) неке қию рәсімін жасанды интеллект өткізді. Үздік коллаборация - қазақтың тойы мен жасанды интеллект» деп жазды олар.

Желі қолданушылары креативке толы жұпқа таңданып, түрлі пікір қалдырған.

«Құтты болсын, сондай керемет», «Жаңаша екен, мықты шықты», «Күтпеген жағдай, асабаларға қауіп төніп тұр», «Фантастика», «Керемет жасадыңдар» деп жазған олар.