Жаңалықтар

Талғар ауруханасында дәрігерлерді соққыға жыққандар 12 жылға қамалуы мүмкін

arbatmedia.kz

Күдікті екі адамды уақытша ұстау изоляторына қамады

Алматы облысының полициясы Талғар қаласында медицина қызметкерлерін ұрып-соққан күдікті екі адамды уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайдильдин қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайдильдин.

Еске сала кетсек, кеше Талғар аудандық ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген ұлдары медицина қызметкерлеріне күш көрсетіп, марқұмның денесін күшпен әкеткен.