Жаңалықтар

Қызылордада қолы қанға былғанған жігіттің қашқан сәті видеоға түсіп қалды

polisia.kz

Қолы қанға былғанған 32 жастағы азамат ұсталды

Қызылордада қолы қанға былғанған азамат жедел басқару орталығының бейнакамерасына түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

18 қыркүйек күні таңғы сағат 06:00 шамасында қала көшелерінің бірінде екі азамат өзара жанжалдасып қалған. Олардың бірі екіншісіне үшкір затпен дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.

«Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнекамераларын қарау барысында күдікті азамат анықталды. Қолы қан болған күйде қашып бара жатқан сәті видеоға түсіп қалған. Сол аймаққа патрульдік полиция қызметкерлері барды. Олар бұрын сотты болған 32 жастағы облыс тұрғыны ұсталды», - делінген хабарламада.  

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты ешкайда кетпеу  туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.