Жайық өзенінде екі қайық соқтығысып, бір адам қаза тапты
Екі қайықты жүргізген азаматтарда рұқсат қағазы бар болған
Атырауда Жайық өзенінде екі қайық соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық Полиция басқармасының мәліметінше, оқиға бүгін сағат 07:00-де Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылы, Жайық өзенінде болған.
«Салдарынан 50 жастағы азамат ауыр халде облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал 51 жастағы екінші азамат оқиға орнында қаза болды. Екі қайықты жүргізген 1992 және 1988 жылғы азаматтарда су көлігін басқаруға рұқсат қағазы бар болып шықты», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.