Жаңалықтар

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысының әкімдігі

Қалалық мәслихат депутаттары Тналиевтің кандидатурасын қолдады

Ақтау қаласының әкімі тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақтау қаласының әкімі болып бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ұлықбек Тналиев тағайындалды.

Ұлықбек Тналиев Атырау мұнай және газ институтының бакалавриатын «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша бітірген, «Техника ғылымдары» магистрі, сондай-ақ «Экономика және бизнес» магистрі академиялық дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2006 жылы азаматтық қоғам және жастар саясаты саласында бастаған.

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2020 жылдан 2022 жылға дейін қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдың маусымынан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.

Қалалық мәслихат депутаттары Тналиевтің кандидатурасын қолдады.