Жаңалықтар

Белгілі заңгер Балғынбек Имашевқа қарсы қылмыстық іс қозғауды талап етті (ВИДЕО)

Заңгер Айгүл Орынбек бірқатар астаналық Балғынбек Имашевқа алданғандарын айтып, өзінен көмек сұрағанын жеткізді

Ол  айтыскер ақын Балғынбек Имашевтан жұрттың ақшасын қайтаруды талап етті, Бұл туралы заңгер Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

 «Аманат хоум» салымшылары маған көмек сұрап шығып жатыр. Балғынбек Имашев сізге сеніп ақша салғандардың қаражатын қайтарып беріңіз жылатпай, ұят болады! Мына видеодан кейін намаз оқитындар алдамайды дегенге сенесіңдер ме?» - деп жазды ол.

Сондай-ақ құқық қорғаушы аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалуын сұрады.

«ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ішкі істер министрлігі, қылмыстық істі неге қозғамай отырсыздар? Міндетті түрде халық өзін өртеуі керек пе? Бәрі арыз жазған екен, іс қозғалмай тұр деп жазып жатыр. Жылдам қозғап жіберіңіздер, Балғынбек ағамыз арнауын сот залында айтсын», - деп толықтырды Айгүл Орынбек.