Жаңалықтар

Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды

Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдықты деген күдікке ілінді.

Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазір Жетіжар ауылының кіреберісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Сондай-ақ, жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр.