Сейфуллин Жолбарыс шетінеп кеткен ұлына арналған әуенді басқаша қолданатындарға ескерту айтты
Әншінің айтуынша, бұл туындыны 4 айлығында шетінеп кеткен ұлына арнаған.
Әнші Сейфуллин Жолбарыс «Ұйқым келмейді» бағдарламасында «Хафиз» күйінің қалай өмірге келгенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Әншінің айтуынша, бұл туындыны 4 айлығында шетінеп кеткен ұлына арнаған. Ал кейбіреулер мұны дұрыс түсінбей жүрген көрінеді.
«Хафизбен» ет шығарып жатыр бір тойларда. Бір қарасам, Түркияда сән көрсетіп жатыр. Асылбек Еңсепов орындаған «Хафиз» деген туындыны Астанада симфониялық оркестрі орындады. «Мұны халық музыкасы деп жүрміз, бұл сенің туындың ба?» деп сұрады. Хафиз деген – ең бірінші өмірге келген ұлым. 4 айлығында шетінеп кеткен. Соған шыққан мұң, қайғылы музыка. Сондықтан мағынасын білмейтіндерге айтуым керек», - дейді әнші.