Талғардағы ауруханада көз жұмған ер адамның ұлдары дәрігерлерді сабап тастаған
Талғар аудандық орталық ауруханасы әкімшілігінің мәліметінше, әкесінің қайтыс болғанын білген ашулы ұлдары ақ халаттыларды аяусыз ұрып-соғып, содан кейін марқұмның денесін күшпен алып кеткен.
Талғар аудандық ауруханасында көз жұмған ер адамның ұлдары ақ халаттыларға қол көтерген. Қайтыс болған науқастың туыстары Талғардағы орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінің дәрігері мен мейіргерін сабаған. Зардап шеккен ақ халаттыларға сынық, көгеру диагнозы қойылды, олардың жағдайы ауыр деп бағаланады, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Талғар аудандық орталық ауруханасы әкімшілігінің мәліметінше, әкесінің қайтыс болғанын білген ашулы ұлдары ақ халаттыларды аяусыз ұрып-соғып, содан кейін марқұмның денесін күшпен ұрлап алып кеткен.
«Қайтыс болған адамның ұлдары кісі өлімі туралы дәрігер анықтамасының ресми рәсімін күтпестен жансақтау бөліміне баса көктеп кіріп, ондағы дәрігер мен мейіргерге қатысты күш қолданып, марқұмның денесін ұрлап, оны ОАА территориясынан медициналық төсек арбамен бірге алып кетті», - деп хабарлады Талғар аудандық орталық ауруханасының әкімшілігі.
Жасалған шабуыл салдарынан анестезиолог-реаниматолог дәрігерге бас миының жарақаты, ми жарақаты, көптеген гематома мен сырылулар, сондай-ақ кеңсіріктің жабық сынығы диагнозы қойылды. Мейіргерге қойылған диагноз: мидың жабық жарақаты, ми жарақаты және шекенің жұмсақ тіндерінің көгеруі, мұрын сүйектерінің жабық сынығы.
«Шақырту бойынша оқиға орнына жеткен Талғар қалалық полиция қызметкерлері қайтыс болған адамның денесін қайтару және дәрігерлерге шабуыл жасағаны үшін кінәлілерді ұстау бойынша қажетті шаралар қабылдады. Аталған фактіге алда құқықтық баға беріледі», - деді Талғар аудандық орталық ауруханасының басшысы.