Жаңалықтар

17 жыл бойы құлдықта болған Құндыз бен Назгүл: «Ағамызды кешіреміз. Сотталмасын!»

«Ағаларыңызды кешіресіздер ме? Жақсы көресіздер ме?» деген сұраққа Құндыз бен Назгүл басын изеп, «Иә» деп жауап берді.

Он жеті жыл бойы аға-жеңгесінің малын бағып, құлдықта болған Құндыз бен Назгүл туыстарын кешіретінін мәлімдеді. Олар бұл туралы блогер Мерей Жолшиевтің YouTub-тегі жеке парақшасына жүктеген видеосында мәлімдеді.

«Ағаларыңызды кешіресіздер ме? Жақсы көресіздер ме?» деген сұрағына Құндыз бен Назгүл басын изеп, «Иә» деп жауап берді. «Сотталғанын қалайсыздар ма?» деген сұрағына «Жоқ, оны кешірдік» деп жауап қатты.

Еске сала кетейік, Түркістан облысы Есік Шілік ауылында тұратын, 17 жыл ішінде жұпыны тірлік кешкен Назгүл бен Құндыз есімді екі қыздың жағдайына алаңдаған сыныптастары халықтан көмек сұраған еді. Белгілі болғандай, қыздардың бірінің жасы 32-де, енді бірінің жасы 27-де. Оларға немере ағасы Cәулебек Әбілдаев былтырдан бері ресми түрде қамқоршы болған. Оның сөзінше, қыздарда анықталған туберкулез балаларына жұға ма деген қорқыныштан оларды оқшаулаған.

Сыныптастары олардың жағдайын халыққа жеткізген соң, қыздар қалаға қоныс аударылып, оларға баспана берілген болатын.

Біз бұған дейін оларға көмектескен сыныптасына үй берілгенін жазған болатынбыз.