Көпшілік Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаеваға бақыт тіледі (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде әнші Әйгерім Қалаубаева мен актер Нұрлан Әлімжанның биі қызу талқыға түсті
Әйгерім Қалаубаева Instagram парақшасында актермен бірге түскен видеоларын жариялап, «Бүгінімді жақсы көрем, Ертеңіме қарамай!» деген жазба қалдырған, деп хабарлады turkystan.kz.
Желі қолданушылары екеуіне бақыт тілеп, жарасымды жұп деп жазды.
«Екеуінің қосылуына не бөгет болып тұр екен», «Таза махаббат қой, бақытты болсын!», «Махаббат көздерімен қарап тұр, көрініп тұр араларында бірдеңе бар екені», «Досы болса, белінен ұстап, махаббат көзбен қарамайды ғой, қойып қойған әні бәрін айтып тұр ғой», «Жұп ретінде өте әдемі» деп жазды желі
қолданушылары.