Жаңалықтар

Алматыда тамақ жеткізуші жігіт үй иесіне пышақ кезеп, сес көрсеткен

Тамақ жеткізуші пышақ ұстаса, үй иесі бау-бақша құралымен қаруланған

Алматыда тамақ жеткізуші жігіт пен үй иесінің арасында жанжал болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Кадрлардан екі ер адамның жанжалдасып жатқанын көруге болады. Бірі пышақ ұстаса, екіншісі бау-бақша құралымен қаруланған. Пышақ ұстаған тамақ жеткізуші жігіт үй иесіне сес көрсеткен.

Алматы қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ оқиғаның Бостандық ауданында болғанын хабарлады. Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-тармағы (Бұзақылық, суық қаруды қолдануға тырысып жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1992 жылы туған ер адам ұсталды. Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді полицейлер.